×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

«ҚазТрансОйл» тарихи бүлінген жерлерді қалпына келтіріп жатыр

26.07.2023, 10:23

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы Атырау облысындағы Жылыой ауданы аумағында тарихи ластанған жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстар биылғы жылдың шілде айынан бастап «Өзен- Атырау-Самара» магистарльді мұнай құбырының 508 шақырымы тұсында жүзеге асуда. Биыл аталған ауданда қалпына келтірілетін жер 2 гектардан астам аумақты құрайды. 

Өткен ғасырдың 70-ші жылдары бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмыстары белгіленген жобаға сәйкес және мемлекеттік бақылау органдарының қадағалауымен жүзеге асырылды. Ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлер үшін аса маңызды саналатын бұл жұмыс екі кезеңде өтеді. Бірінші, техникалық рекультивация бойынша ластанған жерлерді, яғни, мұнаймен лайланған жерлерін қырып алып жүк машиналарына тиеледі. Жерді табиғи қалпына келтіру жұмыстарына жаңа технологиялар қолданылады.

- Қазіргі уақытта техникалық рекультивация кезеңінде жердің беткі қабатын қырып, ластанған топырақты арнайы алаңдарға жөнелтіп жатырмыз. Ары қарай лас топырақ жойылады. Жерді қалпына келтіру жұмыстарына тиегіш және эксковатор мен 12 жүк тасығыш көлігі тартылған. Жұмыс белгіленген кесте бойынша, өз уақытымен атқарылуда,- деді мердігер «Эко-Техникс» ЖШС-нің өндіріс жөніндегі менеджері Серік Сапаров. 

Тарихи бүлінген жерлердің қабаты қырылып алынған соң, тегістеліп таза топырақ төгілмек, ол жайылып, тығыздалады. Екінші- биологиялық кезең бойынша: өңделген жерлерге органикалық және минералды тыңайтқыштар себіледі. Топырақ жыртылып, көпжылдық шөп тұқымдары себіледі, суарылады. Бұл орайда  аумақтық атқарушы құрылымдар мен компания өкілдері техникалық және геологиялық өңдеу сатыларының қалай жүзеге асырылатынын және өңделген жерлердің күтімі туралы айқындап қойған.

 – Бұл жұмыстар компанияның экологиялық және әлеуметтік жауапкершілігі болмақ. Ол алдымен, тарихи бүлінген жерлердің бастапқы табиғатын қалпына келтіреді. Одан соң, осы аумақты ауылшаруашылығы мақсатында қолдануға жол ашылады. Сондықтан біз бүлінген жерлердің сапалы өңделуін қадағалаймыз, жерді қалпына келтіру жұмыстары біткен соң, уәкілетті жер қатынастары органына тапсырамыз,- деп тұжырымдады «ҚазТрансОйл» АҚ Құлсары мұнай құбыры басқармасының бас инженері Қуаныш Өтебалиев.

Құбыр бойындағы өңделген жерлер Атырау облысы Жылыой ауданының мал шаруашылығына тиімді болмақ. Жайылым жерлер кеңейіп, малдың өрісіне жағдай жасалады. Ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлер үшін аса маңызды саналатын аумақтың тазаланып, қайта қолданысқа енетінін жергілікті атқарушы орган өкілдері де қолдайды. Бұл туралы Жылыой аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Гаухар Сабырова:

- «Қазтрансойл» компаниясы құбыр бойындағы тарихи  бүлінген жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өйткені, бұл жерлердің бәрі де ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер.  Сол жерлерді мұнай қалдығынан тазалап, қайта айналымға енгізілуі - бұл да бір үлкен құптарлық жағдай,- деп аудан үшін игі іс екенін алға тартты.

Магистральды құбыр бойындағы жер аумағын табиғи қалпына келтіру жұмысы «ҚазТрансОйл» компаниясының әлеуметтік жауапкершілігі ретінде әлі де жалғасын таба бермек. Ол алдымен экологиялық проблемалардың шешімі және жергілікті шаруашылыққа зор мүмкіндік болмақ. Атап өткен жөн,  «Өзен-Атырау-Самара» магистарльды мұнай құбырының бойындағы тарихи бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру компанияның бастамасымен 2011 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бүгінгі күні қайта өңделген жер алаңы 21 гектардан астам аумақты құрайды.

 

Серіктес жаңалықтары