×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Астанада қоғамдық көлік жолақысы қымбаттай ма

26.07.2023, 15:11
yvision.kz

Бұл сұраққа Астана қаласының коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында «№1 Автобус паркi» АҚ басқарма төрағасы Медет Шақаев жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазіргі кезде Астанадағы автобустарда жолақысын көтеру мәселесі қарастырылып жатқан жоқ», - деді Шақаев.

Айта кетейік, бұдан бұрын елордада автобус жолаушыларының 51%-ы жолақысын төлемейтіні айтылған еді.

"Жолаушылар аз болса да біз автобустардың жүру жиілігін ұзартпаймыз. Бізде нақты кестелер, нақты жоспарлар бар, барлық автобустар жолаушылар мен төлемдердің бар-жоғына қарамастан желіге шығады. Соңғы CTS деректері валидация өсімі аз екенін көрсетті – небары 51%. Бұл дегеніміз, жолаушылардың кем дегенде 51%-ы жол ақысын төлемейді, бұл біздің шығындарымыз, жалақымыз, уақтылы сатып алынған жанармайымыз, қосалқы бөлшектеріміз. Бүгінгі таңда жағдай көңіл көншітпейді. Егер біз 100 адамды тасымалдайтын болсақ, оның 51-і жол ақысын төлемейді", - деген еді «№1 Автобус паркi» АҚ басқарма төрағасы.

Серіктес жаңалықтары