×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Қазақстанда мал жаюға берілген 12 млн гектар жер пайдаланылмай жатыр

26.07.2023, 16:41
фото: ашық дереккөзден

ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов жайылымдық жерлерге жүргізілген мониторинг нәтижелерін жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша,мониторинг нәтижесінде еліміздің 60 ауданы бойынша жайылымдық алқаптардың 26,2%-ы өте нашар жағдайда және 33,4%-ы нашар жағдайда екені анықталған.

Сондай-ақ, 1 млн гектар егістік жердің пайдаланылмай жатқаны белгілі болған.

«Жер пайдалану мониторингі бойынша 1 млн гектар пайдаланылмайтын егістік жерлер, 817 мың гектар егістік жерлерді мақсатсыз пайдалану, 12 млн гектар малы жоқ жайылымдық алқаптар анықталды. Пайдаланылмайтын жайылымдық жерлер Алматы облысында – 1,3 млн гектар, Ақтөбе облысында - 1,3 млн гектар, Қарағанды облысында - 1,3 млн гектар», - дейді комитет төрағасы.

Оралмағамбетовтің сөзінше, пайдаланылмайтын жатқан егістік жерлер Қостанай (277 мың гектар), Солтүстік Қазақстан (126 мың гектар) және Абай облыстарында (90 мың гектар) көп анықталған.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматы облысында 3,5 мың гектар жайылымдық жер олигархқа заңсыз берілгені хабарланған.

Ал Түркістан облысында жайылым тапшылығын қолдан жасаған 174 әкім жазаланды.

Серіктес жаңалықтары