×
441.41
477.78
4.84
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.41
477.78
4.84

Ұлттық қордағы валюта активінің көлемі қалай өзгерді

11.10.2021, 16:59
фото: Ашық дереккөзден

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова қыркүйек айында Ұлттық қордағы валюта активінің көлеміне әсер еткен факторлар туралы айтты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Жедел деректер бойынша, қыркүйектің соңында Ұлттық қордың валюталық активтері бір айда 1,9 млрд АҚШ долларына төмендеп, 55 млрд АҚШ долларын құрады.

Өткен айда республикалық бюджетке кепілдендірілген және нысаналы трансферт түрінде 392 млрд теңге бөлінді. Трансферттер бойынша өтінімдерді орындау мақсатында 913 млн АҚШ долларына валюталық активтер сатылды. Бұл ретте қыркүйекте қорға шетел валютасымен түскен түсімдер 259 млн АҚШ долларын құрады.

Жоғарыда атап өткендей, өткен айда біз қаржы нарықтарындағы елеулі түзетулердің куәсі болдық. Капиталдың ақша нарығының құралдарына әкетілуі аясында тәуекелдік, сол сияқты қорғаныс активтері құнының бір мезгілде төмендеуі байқалды: акциялардың, корпоративтік облигациялардың, алтынның белгіленген бағасы төмендеді. Дамыған елдер облигацияларының бағасы да шамалы төмендеді. Нәтижесінде, қыркүйектегі инвестициялық кіріс акциялар нарығының 4,1%-ға, облигациялар нарығының 1,3%-ға және алтын нарығының 4,6%-ға төмендеуі есебінен минус 1.2 млрд АҚШ доллары немесе (-)2.11% деңгейінде теріс қалыптасты.

Активтердің барлық сыныптары бойынша бағалардың бір мезгілде төмендеуі қысқа мерзімді сипатқа ие және ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қордың стратегиялық аллокациясы тәуекелдерді теңестіретінін атап өткен жөн. Қазанның басынан бастап акциялар нарығы ішінара қалпына келді, S&P 500 индексі 2,14%-ке, дамыған елдердің MSCI World акцияларының индексі 1,33%-ке өсті. АҚШ долларының нығаюы тоқтады, бұл айдың басынан бері 1,67%-ке өскен алтын бағасына қолдау көрсетеді.

11 қазандағы жағдай бойынша, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі ай басынан бастап 250 млн АҚШ долларын құрады.

Серіктес жаңалықтары