×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Шымкентте футбол жанкүйерлері польшалықтармен жаға жыртыса жаздады

28.07.2023, 12:46
видеодан кадр

Шымкентте футбол жанкүйерлері жанжалдасып қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әлеуметтік желіде “Ордабасы” мен “Легия” командаларының жанкүйерлері арасында болған жанжалдың видеосы тарап жатыр. Онда қос команданың қолдаушылары арасында туындаған түсініспеушіліктің соңы төбелеске ұласа жаздағанын көруге болады. 

Полиция жанжал дер кезінде тоқтатылғанын мәлім етті.

«Ойын басталар алдында сағат 20:30 шамасында командалардың жанкүйерлері арасында ауызша ерегес болды. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен полицейлер дер кезінде әрекет етті. Нәтижесінде, төбелес болған жоқ. Бұзақылық әрекеттерге жол берілмеді» делінген хабарламада.

Айта кетейік, жуырда Алматыда өткен аралас жекпе-жек турнирі жаппай төбелеспен аяқталған.

Серіктес жаңалықтары