×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Қазақстанда сүт қаншадан сатылып жатыр

28.07.2023, 13:18
Қазақстанда сүт қаншадан сатылып жатыр
фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 8,1%-ға өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға өзгерісі туралы көрсеткіштер апта сайын жаңарып отырады. Бағаның өзгеруі туралы ақпарат барлық облыс орталығынан, республикалық маңызы бар қалалардан және астанадан жиналады. Ол үшін елдімекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады”, – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.

2023 жылғы 25 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстандағы әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы 

Сары май – 3710 тг/кг;

Сүт – 374 тг/л;

Қырыққабат – 148 тг/кг;

Сәбіз – 193 тг/кг

Айта кетейік, Қазақстан инфляция деңгейі жөнінен ЕАЭО елдерінен алда тұр. Мамыр айының қорытындысы бойынша Қазақстанда бағаның жылдық өсуі 14,6 пайызды құрады. Ал Қырғызстанда небәрі 10,5 пайыз.

Бұдан бұрын Еуразиялық экономикалық комиссия Қазақстандағы инфляцияны төмендету жолдарын ұсынған.