×
448.56
478.03
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.56
478.03
4.79

Алматыдан өзге қалаларға ұшатын жолаушыларға ескерту жасалды

28.07.2023, 17:01
фото: ашық дереккөзден

Air Astana әуе компаниясы Алматыдан ұшатын жолаушыларға әуежайға ертерек келу қажеттігін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Air Astana әуекомпаниясының хабарлауынша, жолаушылар ағынының өсуіне байланысты Алматы әуежайында кептеліс жазғы маусымның соңына дейін жалғасуы ықтимал.

"Рейске тіркелу және ұшуға отырғызу кезінде кідірістерді болдырмау үшін жолаушылардың әуежайға алдын ала келуі абзал. Рейске онлайн тіркеліп, әуежайға шықпас бұрын сілтеме арқылы рейстің статусын тексеріп тұруды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, соңғы кездері алматылықтар әуежайдағы ұзын-сонар кезек, кептеліс және көлік қоятын орындардың жоқтығына шағымданған болатын. Алматы әуежайы әкімшілігі мәселе алдағы жылы шешетінін айтқан.

Серіктес жаңалықтары