×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Аягөздік мұғалім итернет-алаяққа 7 млн теңгеден астам несие "шығарып" берген

29.07.2023, 13:25
Ашық дереккөз

Абай облысының тұрғыны, мұғалім интернет-алаяқтарға 7 млн теңгеден астам несие "шығарып" берген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналист Думан Анаштың жазуынша, Аягөздің Таңсық ауылында тұратын әйел Семейде іссапарда жүргенінде банктің қауіпсіздік қызметіненмін деп хабарласқан жігітке алданып қалған. 

“Әйелдің аты-жөнін, тағы бір-екі дерегін айтқан соң иланған оған әлдебір алаяқтар атына несие ресімдегелі жатқанын жеткізіп, оңаша отырып сөйлесуін, мәселенің тездетіп алдын алуын өтінеді. 

Оған құлақ асқан әйел бір кабинетке кіріп ап қалған деректерін сұраған әлгі адамға тарсылдатып жауап бере бастайды (уатсаптағы, қоңыраудағы жазбалары сақталған). Қысқасы, әйел әуелі Еуразиялық банктен 3 млн, Хоум кредиттен 2 млн, Форте банктен 1,5 млн, Халық банктен 550 мың теңге онлайн-несие алып, оны әлгі "нұсқаушының" айтуымен әлдебір есепшотқа аударады”, – дейді жазба авторы.

Осылайша, "банк қызметкері" әлгі алаяқтар қаржыдан қағылып қалғанын, оны банктің сенімді операторының есепшотына аударып жатқанын, соңғы кезде банктен утечка болып клиенттердің жеке деректері тарап кеткенін асықпай әңгімелеп, жанашырлық танытып уақытты да соза берген екен. 

“Осы кезде оны іздеп жүрген әріптестерінің бірі тауып алып, телефоннан әлгі адамға дүрсе қоя береді. Байланыс кілт үзіледі. Подружкасы әйелге алаяқтардың құрбаны болғанын айтып, тезірек есепшоттарын бұғаттау керек екенін айтады. Күн кешкіріп қалғандықтан әйел үлгермей ертеңіне іске кіріседі. 

Қаладағы ішкі істер басқармалары қылмыс болған жер, істі қарайтын жер деп бір-біріне сілтейді. Банктегілер барлық идентификациядан өзіңіз өткенсіз, біз қайтеміз деп алақан жаяды. Бір банкте бастапқыда есепшотта тұрған ақша да бір кезде әлгі белгісіз адамға аударылып кетеді”, – делінген жарияланымда.

Міне, содан бері мұғалім әйелдің арыз жазбаған мекемесі, кірмеген есігі жоқ. Айтуынша, содан кейін 2-3 күн басы ауырған, гипноз секілді.

“Оның үстіне орысша жақсы білетінім де өзіме таяқ болып тиді. Оларға қазақша жауап қатсаң әңгімені көп жалғастыра алмайтын көрінеді”, - депйді өзі.

Жергілікті полиция дәрменсіз. Жуырда Астанадан тапсырма беріліп, облыста киберпол құрылғанын, онда отырған үш жас бала істі неден бастағалы отырғанын да білмейтінін, орталық органдарға жіберген шағым айналып өңірге қайтып келетінін айтады. 

Ал банктегілер осы оқиғаның алдында өзіне тіпті шағын тұтынушылық несие бермей қойғанын, өйткені көлемді ипотекасы барын, айлығы жетпейтінін офлайн ескерген банктер онлайн неге ескермегенін айтып налыды. Мұнда да бір шикілік бар.

Алматыға келіп ізденіп, басын тауға да, тасқа да соғып жүрген әйел қолы ұзын танысы арқылы ақша аударылған адам Алматыда тұратын, 2003 жылы туған өзге ұлт өкілі екені анықталғанын, оның бұрын бұл іспен айналысқанын мойындағанын, бірақ барлық есепшоты бұғатталғандықтан наурыздан бері ешқандай қаражат алмағанын айтып ақталып отырғанын, ол қылмыспен бұрын айналысқанның өзінде бостандықта жүргеніне таң екенін жеткізді.

"Қазір осы іспен шапқылап жүріп алаяқтарға алданған басқа адамдарды да біліп қалдым. Үржарлық бір әйел 9 млн тг шығарып беріпті. Ол да қолы ұзын таныстары арқылы ақшаны Қарағандыда қай терминалда шешкенін анықтапты. Бірақ органдар кепкалы адамның түсін түстей алмаған көрінеді. Жуырда бір зейнеткер атаны көрдім. Оны 300 мың теңгеге отырғызған екен. Бұл алаяқтарда мүлде ұят жоқ" - дейді жәбірленуші.

Серіктес жаңалықтары