×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Смайылов Ғылым және жоғары білім министрлігін сынға алды

29.07.2023, 14:55
Смайылов Ғылым және жоғары білім министрлігін сынға алды
Ашық дереккөз

Премьер-министр Әлихан Смайылов Ғылым және жоғары білім министрлігін жатақхана мәселесіне байланысты сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Смайылов студенттік жатақханадағы орын тапшылығы дер кезінде шешілмесе, жағдай ушыға түсетінін қадап айтты.

Министрлер кабинеті басшысының айтуынша, университетке түскен студенттер жатақханадағы орынның жоқтығын келгеннен кейін ғана біледі, сондықтан оқуға дайындалудың орнына өз бетімен баспана іздеуге мәжбүр.

Әлихан Смайылов 1 қыркүйекке дейін студенттерге жатақханадан максималды орын бөлу жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ ағымдағы жылға жоспарланған барлық 37 нысанды мерзімінде тапсыруды қамтамасыз етуді тапсырды. Ол үшін ғылым және жоғары білім, оқу-ағарту министрліктері, облыс әкімдері жеке жауапкершілікте екенін атап өтті.