Бір күн бұрын Киевте Еленовкада қаза тапқан украиналық әскери тұтқындардың туыстары мен белсенділер жабық Ресей елшілігінің жанында еске алу шарасын өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Еске алу шарасына 500-ге жуық адам қатысты. Қатысушылар басып алынған Еленовкадағы бұрынғы колония аумағында бір жыл бұрын қаза тапқан сарбаздардың суреттерімен келді.
Еске салайық, Азов полкінің көптеген жауынгерлері тұтқында отырған Еленовкада жарылыс 2022 жылдың 28 шілдесінен 29 шілдесіне қараған түні болды. Ресей Украина колонияға HIMARS зымыран тасығыштарымен оқ жаудырды деп мәлімдеді, бірақ БАҚ-қа сұхбат берген сарапшылар жарылыс ғимараттардың бірінің ішінен болғанын айтты.
Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссардың кеңсесі осы аптада өкілдері жарылыс болған жерге бара алмағанын хабарлады - Ресей билігі тиісті қауіпсіздік кепілдіктерін бермеген.