×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Ұлытаулық қария әлемді жаяу аралауға аттанды

30.07.2023, 13:28
Ашық дереккөз

Осы уақытқа дейін Қазақстан өңірлерін жаяу аралап шыққан 73 жастағы Сәрсенбай Қотырашев енді әлемге саяхат жасауға аттанды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Мен қайтадан байланыстамын, достар !Сіздерге дүниежүзін аралау саяхатқа шығатын күнім анықталғанын хабарлауға асығудамын. Ештен кеш жақсы демекші, тамыздың 2-сі күні сапарымды Атыраудан бастаймын деп шештім. Соған байланысты, кеше Жезқазған тарихи-археологиялық музейі қызметкерлерінің бастамасымен, мені жолға шығарып салу шарасы өтті. Әр қатысушыға көңіл, уақыт бөліп, айтылған жылы тілектері үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Қолдауларыңызға көп рақмет”, – деп жазды марафоншы қария әлеуметтік желідегі парақшасына. 

Айта кетейік, былтыр 2 қазан күні Сәрсенбай Қотырашев Астанаға келіп, көпшілік оны әуежайдан салтанатпен күтіп алған.

Серіктес жаңалықтары