Пәкістанда Джамиат Улема Ислам-Фазл (JUI-F) ислам партиясының жалпыұлттық парламент сайлауы қарсаңында өткізген съезі кезінде жарылыс болып, 44 адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ВВС-ге сілтеме жасап.
Теракт Хар қаласында болған. Шаһар Ауғанстан аумағына жақын. “Ислам дін мамандарының жиыны” консервативті партиясының митингіне 400-дей адам жиналған. Жергілікті БАҚ зардап шеккендер саны 200-ге жетуі ықтималдығын хабарлауда.
Әзірге теракт үшін жауапкершілікті ешкім өз мойнына алған жоқ. Болжам бойынша бұл елдегі жағдайды ушықтыруға тырысқан жиһадшылардың ісі болуы мүмкін.
Жергілікті телеарна эфирінде жедел жәрдем қызметтері жараланған адамдарды жергілікті ауруханаға қалай жеткізіп жатқандары көрсетілді. Онда орын жетіспей жатқаны хабарланды. Ал аса ауыр науқастарды тікұшақпен Пешавара емханаларына жіберіп жатыр.
Дереккөздердің мәліметінше, жарылыстан JUI-F аймақтық көшбасшысы Маулана Зиаулла да мерт болды. Теракт кезінде ол партияластары алдында сөз сөйлеп жатқан.