×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қарағандыда балалар жаппай уланды: біреуі көз жұмып, алтауы жансақтау бөліміне түсті

01.08.2023, 09:34
фото: ашық дереккөзден

Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балалар жаппай уланып қалды. Бір бала көз жұмып, 6 бала жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, 30 шілдеде орталықта екі баланың денсаулық жағдай нашарлаған. Олар құсып, іші өткен. 31 шілдеде осы мекемедегі тағы 10 балада ұқсас белгілері бар дерт анықталып, ауруханаға жатқызылды.

«Дәрігерлер жедел шаралар қолданғанына қарамастан балалардың бірі қайтыс болды. Бүгінгі таңда алты бала реанимацияда. Қалғандары дәрігерлердің бақылауында», - деп мәлімдеді әкімдік.

Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.

Қылмыстық іс қозғалды және Қарағанды облысының арнайы прокурорлар басқармасына берілді.

Мекеме директорының міндетін атқарушы атқаратын қызметінен шеттетілді.

Серіктес жаңалықтары