×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Алматылықтарға су әлі де шектеумен беріліп жатыр

02.08.2023, 11:46
Алматылықтарға су әлі де шектеумен беріліп жатыр
фото: ашық дереккөзден

Алматының Медеу ауданында тұрғындарға су әлі де кесте бойынша беріліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 "Алматы су" компаниясының мәліметінше, 2 тамызда су беру мына кесте бойынша жүргізіледі:

  • сағат 7:00-ден 13:00-ге дейін – әл-Фараби, Луганский, Чайкина, Тайманов көшелерінің контурындағы көппәтерлі тұрғын үйлер;
  • сағат 19.00-ден 24.00-ге дейін Құрмет көшесінің оңтүстігінде (жоғарыда) орналасқан тұтынушылар, оның ішінде «Юбилейный» шағын ауданы, Каменское плато, «Европолис» ТК, «Әлем қалашығы», «Алмалы» ТК, Керей – Жәнібек хандары көшесінің екі жағындағы көппәтерлі тұрғын үйлер;
  • сағат 13.00-ден 19.00-ге дейін және сағат 24.00-ден 07.00-ге дейін резервуарларға су жинау жүргізіледі.

Компаниядағылар Алматы өңіріндегі аптап ыстықтан Кіші Алматы шатқалында тау басындағы қар жамылғыларының қарқынды еруі Кіші Алматы өзеніндегі су деңгейінің күрт көтерілуіне, жағалаулардың шайылуына және жергілікті селге әкеп соқтырғанын атап өтті. Өзендегі судың лайлануының жоғарылауы санитариялық нормаларға сәйкес тазарту жүргізуге мүмкіндік бермеді.

Бірінші тамыздан бастап "Алматы су" МКК мамандары жүргізген зертханалық талдаулар тәуліктің түнгі және таңертеңгі уақытында судың лайлану көрсеткіші төмендегенін көрсеткен, бұл көрсеткіштер, Кіші Алматы өзенінен суды осы уақыттарда алуға және тазартуға жіберілетін су көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.