×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Көші-қон инспекторына "алғыс" ретінде 5 мың теңге берген әйел сотталды

03.08.2023, 19:01
әлеуметтік желіден

Көші-қон саласындағы қызметтер үшін ақшалай сыйақы түрінде бес мың теңге аударған әйелге 483 000 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Маңғыстау облыстық сотының хабарлауынша, Бейнеу аудандық сотында "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 676-бабы бойынша іс қаралды.

Сот Бейнеу ауданы ішкі істер басқармасының Көші-қон қызметі инспекторының шотына бес мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы аударғанын анықтады. Мекен-жайы бойынша әйелдің келінін уақытша есепке қою үшін қажетті құжаттарды дайындағаны үшін "алғыс" ретінде берген.

"Инспектордың шотына банк қосымшасы арқылы қаражат жіберіп, жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ құқық бұзушылық жасады. Қаулымен күдікті кінәлі деп танылып, оған 483 000 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Сот қаулысы заңды күшіне енді",- деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.                           

Серіктес жаңалықтары