×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Жамбыл облысында таудағы өрт аумағы ұлғайды

04.08.2023, 11:04
ТЖМ

Жамбыл облысында төтеншеліктер құрғақ шөп өртімен әлі арпалысып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Меркі ауданының Ақтоған ауылынан 20 км жерде «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ (Аспара-Меркі орман шаруашылығы, 3-4 орамдары) аумағында таулы аумақта орын алған құрғақ шөп өрті сөндірілуде. Орман шаруашылығының ақпараты бойынша өрттің алдын ала аумағы 300 гектарды құрайды”, – делінген ТЖМ хабарламасында.

Ведомство күрделі рельеф, жетуі қиын жер мен қатты жел өрт сөндіру жұмыстарын қиындатып жатқанын мәлімдеді.

Елді мекендерге қауіп және зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, Семей орманындағы өрттен кейін елдің барлық өңіріңде тауларда бақылау күшейтіліп, қауіпсіз шаралары қатаң қадағалануда. Мәселен, жуырда Алматы тауларында ескертуді елемей от жаққандар 5 млн теңге айыппұл арқалады.

Серіктес жаңалықтары