×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Риддердің жаңа әкімі тағайындалды

04.08.2023, 10:25
Фото: gov.kz

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімі лауазымына Дәулет Батырбаев тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дәулет Бақытұлы 1976 жылы Семей қаласында туған. 1998 жылы - «Семей» Мемлекетік университетінде, 2001 жылы Новосибирск гуманитарлық институтында оқыды. Мамандығы - Экономика және менеджмент (экономист-бухгалтер), құқықтану.

Семей қаласында Новосибирск гуманитарлық институтының өкілеттік әдіскері болып істеген. 1999 жылдан бизнес-құрылымдарында жұмыс істеді.

Мемлекеттік қызметтегі жұмысын Өскеменнің Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария басқырмасында 2009 жылы бастады.

Кейін Меновнов ауылдық округы әкімінің орынбасары болды.

2011-2012 жылдары ШҚО Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы болып қызмет етті. 2012 жылдың шілдесінде Ұлан ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2014 жылдың желтоқсанынан аудан әкімі болды. 2017 жылы Бесқарағай ауданына әкім болып ауысқан.

Осыған дейін ШҚО Энергетика және ТҮКШ басқармасына жетекшілік еткен.

Серіктес жаңалықтары