×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Елизавета II патшайымның жерлеу рәсімі қалай өтпек

09.09.2022, 13:05
Фото: Ашық дереккөздерден

70 жылдан астам уақыт билік еткен Елизавета II қайтыс болғаннан кейін, Ұлыбританияда 10 күн аза тұту күні деп жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сонымен қатар оның өлімінен кейінгі бірқатар оқиға "Лондон көпірі" деп аталуда.

The Guardian мәліметінше, бірінші күні Гайд-парк пен Тауэр мұнарасында салтанатты мылтық ату шарасы жоспарланған. Сондай-ақ жалпыұлттық бір минуттық үнсіздік өтеді. Король Карл III алғашқы кездесуінде премьер-министр Лиз Трасспен жолығады деп күтілуде.

Бұдан бөлек ол 10 күннен кейін болатын жерлеу рәсімінің жоспарына қол қою үшін граф-маршалмен кездеспек. Аптаның соңында жаңа монарх еліне үндеу жасайды. Сенбіде Сент-Джеймс сарайында жаңа патшаны ресми түрде жариялау үшін жоғары дәрежелі мемлекет қайраткерлері мен құпия кеңесшілерден тұратын кеңес жиналады.

Содан кейін Карл III премьер-министрмен және Министрлер кабинетінің мүшелерімен, оппозиция жетекшілерімен, Кентербери архиепископы және Вестминстердің деканымен кездеседі. Бүгін Елизавета II-нің денесі бар табыт Балморалдан шығарылып, Холируд-хаус сарайына жеткізіледі. Ол жерден корольдік миль бойымен Джайлс соборына дейін салтанатты шеру өтеді. Шараға корольдік отбасы мүшелері қатыспақ.

Бұдан кейін собор 24 сағат бойы көпшілік үшін ашық болады. Содан соң табыт Лондонға жөнелтіліп, Букингем сарайына жеткізіледі.