×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Жамбыл облысындағы фосфор зауытында жарылыс болды

04.08.2023, 17:17
видеодан кадр

Жаңа Жамбыл фосфор зауытының қоймасы аумағында жарылыс болып, екі адамды химиялық күйік шалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Оқиға 3 тамызда болған.

Зауыт қоймасындағы жарылыс салдарынан 1991 және 1997 жылы туылған екі ер адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, олардың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

Айта кетейік, Жаңа Жамбыл фосфор зауыты Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің ұлдары бақылайтын "Қазфосфат" ЖШС құрамына кіреді.

Сәуірде Сарысу ауданында «Қазфосфат» компаниясының жұмысшылары ереуілге шығып, басшылықтан айлықты көтеруді талап еткен.

Серіктес жаңалықтары