×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қазақстанда жанар-жағармай бекеттерінде бензин шектеліп берілуі мүмкін

06.08.2023, 18:08
Фото: Ашық дереккөзден

Энергетика министрлігі жанар-жағармай өндірісі жағынан жағдай тұрақты екенін, алайда оны ел өңірлеріне жеткізуде қиындық туындауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрліктің хабарлауынша, жанар-жағармай бекеттеріне жанар-жағармай өндірілуі және темір жол вагондарының сұранысына қарай жеткізілетінін хабарлайды. Яғни жанар-жағармай материалдары жергілікті мұнай базаларына түседі де, сол жерден бензовоздар арқылы бекеттерге таратылады.

«Иә, темір жол, автокөлік жолдары арқылы жеткізуде қиындықтар туындауы мүмкін. Себебі қазір жаз уақытында қозғалыс көп. Осы жайттардың бәрі сұраныстың артқанын қоса есептегенде жанар-жағармай бекеттеріне уақытша жанар-жағармайдың шектелуіне апарып соғуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары