×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

БҚО әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеу аяқталды

08.08.2023, 09:44
gov.kz

Антикор Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство мәліметінше, ол «Аqjaiyq» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасарына оның сенім білдірілген адамдарымен жұмысты нақты орындамай-ақ өтеулі қызметтер көрсетудің жалған шарттарын жасасу туралы заңсыз нұсқау беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деп күдіктенеді.

Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке айтарлықтай зиян келтірілді.

Күдіктіні процессуалдық ұстау кінәні толық мойындауға байланысты қолданылмады.

“Қылмыстық іс жеделдетілген тәртіппен аяқталып, сотқа жолданды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Балтаев "ҚР заңдарында белгіленген міндеттер мен шектеулерді сақтамағаны үшін"БҚО әкімінің орынбасары қызметінен босатылды. Бұл қызметте ол жеті ай жұмыс істеді.

Бұған дейін Балтаевтың 24 шілдеде Антрикор департаментіне жауап алуға шақырылғаны белгілі болды. Онда кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Нұржан Атабаев та шақырылған болатын.

Серіктес жаңалықтары