×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Павлодарда қылмыстық топ 200-ден астам компанияға салықтан жалтаруға көмектескен

08.08.2023, 11:26
Павлодарда қылмыстық топ 200-ден астам компанияға салықтан жалтаруға көмектескен
liter.kz

Павлодар облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері жосықсыз кәсіпкерлерге материалдық сыйақы үшін 6,8 млрд теңге салық төлеуден жалтаруға көмектескен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі мен оның 9 мүшесі 26 еншілес компанияны тіркеп, олардың атынан 4 жыл ішінде 18 млрд теңгеден астам сомаға жалған шот-фактуралар жазып бергені дәлелденді.

Бұл қылмыстық топтың қызметін 225 кәсіпорын пайдаланған, оның ішінде энергия тасымалдаушы компания өз шығындарын асыра көрсетіп, электр энергиясының тарифін заңсыз көтерген.

“Ұйымдасқан қылмыстық топты жою нәтижесінде бақылаудағы компанияларды тіркеу заңсыз деп танылды, сатып алушыларға 560 млн теңгеден астам сомаға салық төлеу туралы хабарламалар берілді, электр энергиясын тұтынушылар үшін 580 млн теңгеден астам сома тариф қайтарылды. Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде, қалған мүшелері 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді”, – едлінген хабарламада.