×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Ақпарат министрлігі журналисті "бір жерге" жөнелткен әкімнің сөзін естімегенін айтты

08.08.2023, 12:34
видеодан кадр

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетовпен тікелей эфир кезінде оған сұрақ жолдаған жергілікті журналисті шенеунік "бір жерге" жөнелткенін естімеген болып шықты, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Жуырда Щучинск қаласының әкімі Олжас Нұрмағамбетов әлеуметтік желіде тікелей эфир өткізген. Оны бітіргеннен кейін әкімдік қызметкері эфирді өшіре алмаған. Эфир тоқтатылды деп ойлаған әкім сұрақ қойған журналиске қатысты дөрекі сөз айтады.

Үкімет кулуарында журналистер министрден осы оқиға жайлы хабары бар-жоғын және журналистің құқығы министрлік тарапынан қалай қорғалатынын сұрады.

Дархан Қыдырәлі бұл оқиғадан бейхабар екенін айтты. Бұл ретте ол барлық шенеуніктер ақпаратқа қол жеткізуді шектегені үшін жауапкершілік қарастырылғанын есте сақтауға міндетті екенін атап өтті. Сондай-ақ этиканы сақтау және дөрекі сөздерге жол бермеу маңыздылығына тоқталды.

"Әкім журналистің сұрағына жауап беруі керек. Әрине, біз мұндай жағдайды қолдамаймыз, журналистерді қолдаймыз. Мәселені зерделеу керек, бүгін біз Ақмола облысының әкімшілігімен сөйлесетін боламыз", - деп жауап берді ол.

Сондай-ақ, Дархан Қыдырәлі, егер зардап шеккен журналист шағымданса, министрлік журналист шағымданса, Әдеп жөніндегі комиссияға жүгінуге дайын екенін атап өтті.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Щучинск әкімімен болған оқиға қызу талқыланды. Бастапқыда халық әкімнің дөрекі сөздері өздеріне бағытталды деп ойлаған. Кейін Олжас Нұрмағамбетов эфир жазбасын жариялап, "бір жерге" барлық тұрғындарды емес, тек журналисті жібергенін түсіндірді.

Серіктес жаңалықтары