×
448.15
483.46
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
448.15
483.46
4.86

Жамбылда 7 жасар баланы ит талап тастады

08.08.2023, 18:15
көрнекі фото

Қаратау қаласында беті мен аяғын ит қапқан балаға шұғыл ота жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бала ес-түссіз жағдайда ауруханаға жеткізілген. тексеру кезінде оң жақ беті және екі аяғы жараланған, көп қан кеткені анықталды.

Қазір бала жансақтау бөлімінен хирургиялық бөлімге ауыстырылды.

"Жағдайы тұрақты түрде жақсарып келеді. Хирургиялық бөлімде оған тиісті ем жасалып жатыр", - деп хабарлады Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасынан. 

Ведомствоның мәліметінше, балаға аудандық аурухананың психологтары көмек көрсетіп жатыр. 

Бұған қоса құтырмаға қарсы екпе жасалып, антибиотиктер тағайындалған.

Серіктес жаңалықтары