×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Петропавлда 8 жасар қызды зорлаған педофил жазадан құтылып кетті

09.08.2023, 13:49
Петропавлда 8 жасар қызды зорлаған педофил жазадан құтылып кетті
Судья Ерлан Нұршәріпов. Фото: Ratel.kz / Елена Чернышова

СҚО-да 8 жасар қызды зорлаған Айыртау ауданының тұрғыны Иван Мальченкоға үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға 2022 жылдың 13 шілдесінде болған. 2004 жылдан бастап психикалық ауруына байланысты психиатриялық ауруханада есепте тұрған Иван Мальченко бұған дейін бірнеше рет сотталған, соңғы рет ауыр қылмыс жасаған ол 2021 жылдың желтоқсанынан бастап Ольшанка ауылында қауіпсіздігі төмен мекемеге ауыстырылған. Қылмысқа жазасын өтеп жүріп барған.

"Сот-медициналық сараптама кешенді түрде жүргізіліп, Мальченко біраз уақыт бақылауда болды. Қоғамдық қауіпті әрекет жасаған оның сол кезде есінің дұрыс болмағаны анықталды", – деді СҚО Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Нұршәріпов.

Мемлекеттік айыптаушы және қорғаушылар Мальченконы қылмысты ақылсыз күйде жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатуды және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды сұрады.

Сот үкімі бойынша сотталушы қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Мальченкоға мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы шара қолданылатын болды.