×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Алматыда автобус жолақысы қымбаттады

09.08.2023, 15:13
tengrinews.kz

Алматы мәслихатының VII сессиясында қаладағы қоғамдық көліктерде жол жүрудің жаңа тарифтері бекітілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жолаушылардың көпшілігі үшін жол жүру құны 20 теңгеге өспек. Яғни, қолма-қол ақшасыз төлеммен 100 теңге және қолма-қол төлеммен 200 теңге мөлшерінде жаңа тарифтер енгізіледі.

Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің сөзінше, ағымдағы тариф тасымалдаушылардың шығындарын өтемейді.

"Осыған байланысты әкімдік ай сайын тасымалдаушылардың шығыстарын субсидиялар түрінде жабуда. 2020-2022 жылдар кезеңінде төленген субсидиялар сомасы 115,8 млрд. теңгені құрады", - дейді ол.

Әкімдіктегілер қоғамдық көліктегі жол жүру тарифі тасымалдаушылардың шығындары артық болғаннан кейін үнемі қайта қаралуы керектігін атап өтті.

“Қолма-қол ақшасыз төлем әдісін қолданатындар үшін жолақысы аздап өседі. "Алматы көлік холдингі" ЖШС деректері бойынша барлық жолаушылар арасынан шамамен 97%-ға жол жүру ақысын "Оңай" карталарымен, оның ішінде "Оңай" қосымшасында QR-код немесе SMS-хабарлама арқылы төлейді. Жалпы, қоғамдық көлікті күніне 1,4 миллионға дейін адам пайдаланады”, – деп мәлім етті әкімдік.

Шенеуніктердің тарифтің өсуі жолдардың жай-күйін жақсартуға, автопаркті жаңартуға мүмкіндік беретінін алға тартып отыр.

Серіктес жаңалықтары