×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Ұлы ойшылдың аттастары: Қазақстанда қанша Абай тұрады

10.08.2023, 12:45
tengrinews.kz

Абай күніне орай Ұлттық статистика бюросы ойшылдың есімімен аттас қазақстандықтар туралы деректерді ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Бүгінде елімізде Абай есімі қойылған 18 452 адам тұрады. Ақынмен аттас тұрғындар саны Түркістан облысында көп кездеседі – 2050 адам. Сондай-ақ ұлы ақынның есімі берілген адам саны Астанада көп – 1930 адам. Алғашқы үштікті Абай есімді 1 588 адам тұратын Алматы облысы түйіндейді. Ойшыл есімі бар тұрғын саны Ұлытау өңірінде ең аз – 194 адам. Ақынның туған өлкесінде (Абай обл.) 238 адам тұрады», - делінген хабарламада.

Жас құрамын қарасақ, Абай есімді 17 жасқа дейінгі 4297 бала бар, ал 18 бен 44 жас аралығында – 8231 адам.

Айта кетейік, бүгін елімізде Абай күні аталып өтуде. Атаулы күн Үкімет қаулысымен 2020 жылы – Абайдың 175 жылдығында белгіленген болатын. Содан бері жыл сайын 10 тамызда аталып өтеді.

Серіктес жаңалықтары