×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Бас прокуратура Ресейден сепаратизм үшін айыпталған оралдықты қайтаруды талап етті

10.08.2023, 12:53
Фото: Ашық дереккөзден

Теректі ауылының 35 жастағы тұрғыны Максим Яковченко «Орал мен Қазақстанның тағы бірнеше қаласын Ресейге беру керек» деп аты шыққан адам. Полиция оны бірден тауып, сепаратизм мен ұлтаралық алауыздықты қоздырды деген айыппен бірден ұстаған. Кейін ол Ресейге қашып кеткен. Енді қазақстандық прокурорлар ресейлік әріпестерінен Яковченконы қайтаруды талап етіп отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы mgorod.kz ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Іс Орал қалалық сотына жіберілді, алайда 2022 жылдың 11 қазанында айыпталушы басты сот отырысына келмеді. Судья Наиля Жүнісова мәжбүрлеп әкелу туралы қаулы шығарды. Соттың облыстық психикалық денсаулық орталығына берген сауалына берген жауабынан Яковченконың ауруханаға жатқызылмағаны белгілі болды (ер адамның өзі жасөспірім кезінде қатты соққыға жығылғанын, сондықтан психикалық денсаулығында ақау бар екенін айтқан).

Былтыр 14 қазанда Максим Яковченко шақырған сотты тағы да елемеді. Полиция қызметкерлері де оны тұрғылықты жерінен таба алмаған. Сол тұста оның бірнеше апта бұрын үйін сатып, елден кетіп қалғаны анықталды.

Кейінірек Максим Яковченконың өткен жылдың 1 желтоқсанында Ростов облысында ұсталғаны белгілі болды. Бірақ Ресейде босқын мәртебесін алған соң оны елге қайтару мүмкін болмай тұр.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекеттік шекараны кесіп өтту жөнінде ақпарат азаматтардың жеке деректері саналатынын, оны жариялауға болмайтынын хабарлаған.

Алайда Қазақстаның Ішкі істер минитсрлігі Яковченконың қайда жүргенін анықтапты. Биыл наурызда Бас прокуратура ресейлік әріптестеріне оны Қазақстанға қайтару жөнінде хат жолдаған.

Орал қалалық соты сотталушы табылып, қамауға алынғаннан кейін қылмыстық іс қайта қарау үшін сотқа жіберілетінін жеткізген. Бас прокуратураның халықаралық құқықтық ынтымақтастық қызметінің басшысы Нұрдәулет Сүйіндіков редакция сауалына жауап бере отырып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Яковченконы экстрадициялау туралы өтінішін ресейлік тарап қарап жатқанын айтты. Экстрадициялық тексеру аяқталмаған. Бұл ретте Сүйіндіков мұндай өтініштерді қарау Ресей Бас прокуратурасының айрықша құзыретіне жататынын баса атап өтеді.

Серіктес жаңалықтары