×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Кәрім Мәсімовтың бауырына үкім шықты

10.08.2023, 15:10
Коллаж: Ulysmedia.kz

Сот үкімімен Павлодар облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы мүлкінің тәркіленуімен 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетсек, Нұрлан Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимовке 366-баптың 4-бөлігі ("Аса ірі көлемде пара алу") және 189-бабы ("Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған шетелдік мүлікті иемдену немесе жымқыру") бойынша айып тағылған. Кәсіпкер Евгений Евковичке 28-баптың 5-бөлігі – 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы ("Ерекше ірі мөлшерде пара беруге көмектесу") бойынша айыпталса, Мәсімовке сонымен қоса 92-бап – "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту" айыбы артылған.

Айыптаушы тараптың мәліметінше, полиция департаментінің басшысы өзінің орынбасарымен бірлесіп 90,3 миллион теңге көлемінде мүлік түрінде пара алған.

2020 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі артиллериялық техниканы сатып алуға конкурс жариялаған кезде Павлодар облысының полиция басшылығы оған олардың досы Евкович міндетті түрде қатысуы керек деп есептейді.

Ал көп ұзамай кәсіпкермен павлодарлық тәртіп сақшыларының арасында 607,5 млн теңгеге сауыт, қалқан, амортизатор, резеңке таяқтарды сатып алуға келісім-шарт жасалады.

Айыптаушы тараптың ақпартына сүйенсек, шарт жоғары бағамен жасалған, өйткені іс жүзінде кәсіпкер барлық арнайы техниканы сатып алуға 184 млн жұмсаған. Яғни, мемлекет қаржысынан 423 млн теңге ұрланған. Алайда Нұрлан Мәсімов тағылған айыппен келіспеді.

Айта кетейік, 2023 жылдың 24 сәуірінде сот Мәсімовті мемлекетке опасыздық жасағаны, билікті басып алуды насихаттағаны және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тапты. Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылды, мүлкі тәркіленді және өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары