×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Оңтүстік Кореяда әуежайдан қашып кеткен екі қазақстандыққа үкім шықты

10.08.2023, 22:57
Фото: Ашық дереккөзден

Заңгер Мейірман Шекеев Оңтүстік Кореядағы Инчхон әуежайынан қашып кеткен екі қазақстандыққа үкім шығарылғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Нұрсұлтан Ырысбаев пен Умижан Нарзуллаев бас бостандығынан айырылмайды, бірақ Оңтүстік Кореяда айыппұл төлеп, елге оралады.

Еске сала кетсек, биыл наурыз айында Инчхон әуежайынан Қазақстанның екі азаматы қашып шығып, олардың біреуі бірден ұсталғаны хабарланған болатын. Қазақстанның екі азаматы қашып, қалаға кірмек болған. Олардың бірінің есімі Нұрсұлтан Ырысбаев, ал екіншісі Умижан Нарзуллаев . Кейін Умижан Нарзуллаев (2002 жылғы) Тэджон қаласында ұсталғаны хабарланған. Теджон халық аралық полициясы қашқынды GS25 дүкенінде телефонын қуаттап отырған жерінен қамауға алған.

Кейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяға кіруге тыйым салынғанына қарамастан аталған елге заңсыз кіріп кеткен отандасымызға іздеу жарияланғанын мәлім етті.

Оңтүстік Корея билігі іздеудегі қазақстандықты ұстап берген адамға 10 млн теңге сыйақы берілетінін жариялаған. Көп өтпей Нұрсұлтан Ырысбаевтың полицияға өз еркімен берілгені белгілі болды.

Серіктес жаңалықтары