×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Астанада 15-қабаттан құлаған екі құрылысшы қаза тапты

11.08.2023, 16:16
Korter.kz

Елордада тұрғын үй кешенінің құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан екі жұмысшы 15-қабаттан құлап қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Ағымдағы жылдың 10 тамызында "Алматы" ауданы ПБ кезекші бөліміне "A-City" ТК құрылыс объектісінде биіктіктен екі адамның құлағаны туралы хабарлама келіп түсті”, – делінген полиция хабарламасында.

А.Байтұрсынов көшесінде салынып жатқан 20 қабатты тұрғын үй кешенінде қасбеттік жұмыстарды жүргізу кезінде монтаждау бесігінен кабельдің үзілуі салдарынан 15-ші қабаттың биіктігінен екі қасбетші құлағаны анықталды. 20 және 27 жастағы жұмысшылар сол жерде қайтыс болды.

“Осы факті бойынша ҚР ҚК 277-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы негізінде өзге ақпарат жарияланбайды”, – деді тәртіп сақшылары.

Серіктес жаңалықтары