×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

"Тапқанымыз тиын-тебен": "Семей орманы" қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етті

11.08.2023, 19:01
көрнекі фото

Семейде "Семей орманы" резерваты филиалдары қызметкерлерінің мекеме басшылығымен кездесті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жарияланған кадрлардан қызметкерлердің бірінің әйелі кәсіпорын басшылығынан жалақының аздығы туралы айтып жатқанын көруге болады.

"Менің күйеуім барлық өрт кезінде алғы шепте жүреді. Табатыны тиын-тебен. Үйге келгенде 6 жасар баламыз: "Әке, жұмыстан шықшы", - дейді. Жазда демалысқа бара алмайды. Менің балаларым әкелерінің жұмыстан кетуін сұрап жылайды. Адамдардың шыдамы шегіне жетті", - дейді әйел.

Ал экология министрлігі мемлекеттік орман күзеті қызметтерінің қызметкерлеріне, табиғатты қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларына және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың инспекторларына үстемеақы туралы қаулы дайындалғанын мәлімдеген.

Алайда, келісу барысында орман шаруашылығының штаттан тыс жұмысшыларына үстемеақы белгілеу жөніндегі норма қаулының ережелері штаттан тыс жұмысшыларға қолданылмайтындығына байланысты қолдау таппады.

Қазіргі уақытта штатқа кіретін әкімшілік қызметшілерді және табиғатты қорғау ұйымдарының штаттан тыс қызметкерлерін үстеме ақымен қамтамасыз ету мәселесі пысықталып жатқаны хабарланды.

Еске салайық, “Семей орманы” резерваты аумағында өрт  8 маусымда тұтанған болатын. 9 маусым күні кешке қарай оның аумағы 60 мың гектарға дейін ұлғайып үлгерді. Осыған байланысты Семей қаласында төтенше жағдай жарияланды.

Абай өңіріндегі ел тарихындағы ең ірі өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Юрий Ильин қызметінен босатылып, жаңа министр тағайындалды. Абай облысының әкімі өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін сөгіс алды.

Өртпен арпалысып жүріп 14 адам қаза тапты. «Семей орманы» Новошульба филиалының 14 қызметкерінің фотосуреттерін Экология министрі Зүлфия Сүлейменова жариялады. Мемлекет басшысы шетелге сапарынан бас тартып, өңірге арнайы барып, қаза тапқан орманшылардың отбасына көңіл айтты.

Қаралы қайғыға байланысты 12 маусым елімізде Аза тұту күні болып жарияланды.

Абай облысына аттанған үкіметтік комиссия тергеу жүргізіп, өртті сөндіру кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды анықтамақ.

Сондай-ақ, бұдан бұрын ІІМ басшысы Марат Ахметжанов өртті дер кезінде ауыздықтай алмаған экс-министр Юрий Ильиннің әрекеті тексерілетінін мәлімдеді.

Ал Бас прокуратура борман өртінің шығуы себебі бойынша үш нұсқа тексеріліп жатқанын айтты.

Сондай-ақ, бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ҚР Бас прокурорының орынбасары Жандос Өмірәлиев Абай облысындағы орман өрті бойынша өз қызметіне салғырт қараған шенеуніктер қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын мәлімдеген.

 

 

Серіктес жаңалықтары