Алматыда су басқан көшелердің видеосы желіде таралуда. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды.
Қала әкімдігі 12 тамызда сағат 21.00-дегі жағдай бойынша Алматының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында тамыз айындағы жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері – 34 мм-ді құрағанын мәлімдеді.
"Дауылдың салдарын жоюға 1008 жол жұмысшысы мен 640 техника жұмылдырылды. Мердігерлер мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қосымша 52 мобильді бригадасы нөсер суының құйылатын жерлерін аллювийлік қоқыстан тазарту, су сору станцияларының жұмысын қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды жүргізді», - деді әкімдіктегілер.
Мегаполис тұрғындары не болып жатқанын желіде жариялап, оны «ақырзаман» деп атады.
Синоптиктердің болжауынша, оңтүстік астанада жауын әлі де жалғасады.
Еске салайық, өткен күні Астана мен Алматы көшелерін су басқан болатын. Сондай-ақ Қарағандыда ауа райының қолайсыздығы су тасқынына себеп болды.
Жетісу ауданындағы Ешкіөлмес ауылында 12 тамызда жауын-шашынның салдарынан беткейден ағын су өтіп, ауылдың төрт көшесінің ауласын су басқан.