×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Жетісу облысында 20-дан астам үй су астында қалды

14.08.2023, 08:02
ТЖМ

Жетісу облысында қатты селдің cалдары жайлы деректер мәлім болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ескелді ауданында барлығы 120 ауланы жаңбыр суы басқан, оның ішінде екі елді мекендегі 21 тұрғын үй бар.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, көбінің үйі, көлігі мен үй жануарлары су астында қалып қойған.

Тұрғындардың басым бөлігі несиеге баспана мен құрал-жабдық алғандықтан, жергілікті биліктен барлық қажетті көмекті беруді сұрап отыр. Облыс әкімдігі бір апта ішінде тәуелсіз сарапшылардың көмегімен барлық шығынды есептейтін комиссия құрылатынын жеткізді. Бірінші кезекте үйлері су астында қалғандарға көмек көрсетілетіні жөнінде уәде берілді.

Ал ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Жетісу облысында бірде-бір үйді су баспағанын айтып, әкімдікке кереғар мәлімет таратты.

Серіктес жаңалықтары