×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Қазақстан қарақалпақ белсенділеріне босқын мәртебесін беруден бас тартты

14.08.2023, 13:28
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қазақстан Алматыдағы қарақалпақ диаспорасының белсенділері Қошқарбай Төремұратов пен Жангелді Жақсымбетовке босқын мәртебесін беруден бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Комиссия тиісті шешімді 31 шілдеде қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 13 қыркүйегінде Алматыда Өзбекстан ІІМ қызметкерлері қарақалпақ белсенділері Қошқарбай Төремұратов пен Жангелді Жақсымбетовті елдің конституциялық құрылысына қол сұғушылық жасады деген айыппен ұстады.

Кейін Өзбекстан билігінің сұрауы бойынша Қазақстан аумағында тағы бірнеше қарақалпақ белсенділері ұсталды.

Қазақстанның қарақалпақ диаспорасы бұл қамауға алуды Өзбекстан билігі Қарақалпақстан Республикасындағы наразылықтарды аяусыз басқаннан кейін 2022 жылғы шілдеден бастап қолданылатын қарақалпақ азаматтық белсенділеріне қарсы қуғын-сүргіннің жалғасы деп санайды.

2022 жылдың 1 шілдесінде Нүкүс, Мойнақ және басқа қалаларда Қарақалпақстанның егемендігін жоятын конституциялық түзетулерге қарсы наразылықтар басталды. Бірақ билік демонстрацияларды билікті басып алу әрекеті ретінде қарастырды және акцияларға қатысушыларға көзден жас ағызатын газ, резеңке оқтар мен түтін бомбаларын қолданды. Ресми мәліметтерге сәйкес, наразылық білдірушілерді тарату нәтижесінде 21 адам қаза тапты. Барлығы 243 адам жарақат алды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің Нүкүске сапарынан кейін Өзбекстан Парламенті Қарақалпақстанның егемендігі туралы бапты Конституцияға енгізілген түзетулер жобасынан алып тастады.

2023 жылдың 31 қаңтарында Бұхара облысының соты тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін айыпталған 22 қарақалпақстандыққа үкім шығарды. Белсенді Дәулетмұрат Тәжімұратов 16 жылға бас бостандығынан айырылды. Істің басқа қатысушыларының көпшілігіне үш жылдан сегіз жылға дейін сотталды. Тағы үш адамның бас бостандығы шектелді, сотталушылар тізіміндегі жалғыз әйел — журналист Лолагүл Қаллыханова шартты мерзімге сотталды.

Бірнеше күннен кейін жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін алты жылға сотталған Полат Шамшетовтың Бұхара тергеу изоляторында қайтыс болғаны белгілі болды. Билік өлім инфаркт салдарынан болды деп мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары