×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Қыркүйекке санаулы күн қалды: жаңа оқу жылының ұзақтығы қанша болады

15.08.2023, 12:12
egemen.kz

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет кулуарында тілшілердің жаңа оқу жылының ұзақтығына қатысты сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің сөзінше, оқу жылының мерзіміне қатысты шешім алдымен балалардың мүддесіне сай болуы керек.

«Мен ортақ келісімге келу бойынша тапсырма бердім. Оқу мерзіміне қатысты пікір екіге жарылды, бұл жерде мәселе кімдердің жеңетінінде емес. Бұл жерде алдымен балаларға білім беруде жағдай жасауымыз керек. Менің ойымша, жуырда аталған жайтқа қатысты нақты шешім қабылдаймыз. Осы аптада деп ойлаймын», – деді ол.

Еске салайық, өткен оқу жылында қазақстандық оқушылар 31 мамырға дейін оқыды. 1-сынып оқушылары 35 апта, 2-11-ші сынып оқушылары 36 апта білім алды.

Бұдан бұрын экс-министр Асхат Аймағамбетов “Оқу жылын 31 мамырға дейін созу қаншалықты дұрыс болды?” деген сұраққа жауап берген.

Ал Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа соңғы қоңырауды қайтадан 25 мамырға ауыстыру бір күнде қабылданатын шешім еместігін айтты.

Сондай-ақ, сарапшы оқу жылын ұзарту "о бастан абсурд шешім" болғанын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары