×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Шенеуніктер мен әскери қызметшілерге казиноға баруға тыйым салынуы мүмкін

15.08.2023, 14:04

Президент Жарлығының тиісті жобасы шенеуніктер мен күштік құрылым қызметкерлеріне ойын мекемелеріне баруға тыйым салуды көздейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жоба "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Құжатқа сәйке, әскери қызметшілердің міндеттері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарға "Ойын бизнесі туралы" заңда көзделген ұйғарымға жататын ойын мекемесіне барудан бас тарту кіреді. Бұл жағдайда қызметтік қажеттілікке байланысты казиноға бару ерекше жағдай болуы мүмкін. Бұл әскери қызметшілерге қатысты емес.

"Түзетулер беделге төнетін тәуекелдерді азайтуға, оның өкілдері тарапынан мемлекеттік органдардың қадір-қасиеті мен беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге бағытталған", - делінген жарлық жобасының түсіндірме жазбасында.

Құжат 28 тамызға дейін талқылауға шығарылған.

Еске салайық, 2022 жылдың 19 қазанында Алматы облысындағы казинода мемлекеттік қызметкерлер 507 миллион теңге жоғалтқаны белгілі болды. Алматы облысы прокуратурасының мәліметінше, түрлі өңірлерден 305 шенеунік мемлекеттік қызметте жүргенде ойын орындарына барған.

Серіктес жаңалықтары