×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

Әскердегі суицид: Шекара қызметі әлімжеттік барын жоққа шығарды

16.08.2023, 13:43
фото: ашық дереккөзден

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің шенеуніктері өз ведомстволарында жас жігіттер арасында суицидтің жиілеу себебін түсіндіруге тырысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Идеологиялық жұмыс департаменті бастығының орынбасары Ерік Беріков брифингте жастарды өзіне-өзі қол жұмсауға итермелеген себептер арасында әлімжеттік жоқ екенін айтты.

"Шекара қызметінде әлімжеттік жоқ. Біздің әскери қызметшілеріміз бір жыл ғана қызмет етеді. Тиісінше, жұмыстан босатылғандар келесі шақырылымдағылармен байланыспайды", - деді ол.

Оның айтуынша, жастар қарызға, лудоманияға және отбасылық мәселелерге байланысты шарасыз қадамға барады.

"Мен дәл Шекара қызметінде суицид жағдайлары көп болып жатыр деп айта алмаймын. Себептер әртүрлі: отбасылық-тұрмыстық психологиялық сәттер, ойынға тәуелділік. Әскери қызметшілер қарызға батып, осындай шарасыз шешім қабылдайды. Бізде "Өмірді сақта" бағдарламасы бар. Әскери қызметшілер арасында қаза болудың алдын алу бойынша барлық іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деді Берік.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айының басында армиядағы әлімжеттік, суицид және басқа да келеңсіз оқиғалар жайлы сұраққа жауап берген қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов:  "Өмір деген жизнь – өмірде бәрі болады" деген еді.

30 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының жатақханасында 3-курста оқитын курсанттың мәйіті табылды.

Жалпы, жыл басталғалы әскерде 7 суицид жасау фактісі тіркелген.

Серіктес жаңалықтары