×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Алматы облысында 11 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

16.08.2023, 15:09
фото: ашық дереккөзден

Алматы облысында мамандандырылған ауданаралық соттың шешімдерімен жалпы ауданы 11 мың га болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы 19 жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикордың хабарлауынша, талдау барысында өңірде 65 мың гектардан астам жерлерді беру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

Жайылымдық жерлерді жосықсыз жеке меншікке беру кезінде аймақтың негізгі тұрғындарында мал жаю проблемасы туындады. Тұрғындар өз елді мекендерінің шегінде мал бағуға мәжбүр.

“Қалған жерлерді қайтару мәселесі Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бақылауында”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұдан бұрын Алматыда генерал Новиковқа заңсыз берілген 7 млрд теңгенің жер учаскесі мемлекетке қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары