×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Қазақстанда дизель отынының қоры күрт азайды

12.10.2021, 16:58
фото: Ашық дереккөзден

ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов республикадағы дизель отыны нарығындағы ағымдағы жағдай туралы ақпарат берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«2021 жылы дизель отынының күтілетін өндірісі 2015 жылдан бастап ең жоғары болып саналады және 4,9 млн тоннаны құрайды. Сонымен қатар биыл өндіріске АМӨЗ-дің жыл басындағы жоспардан тыс тоқтауы әсер етті. АМӨЗ биылғы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша, бекітілген жоспардан 239 мың тоннаға аз өндірді. Атап өткеніміздей, биылғы жылдың тамыз-қыркүйек айларында дизель отынын өте көп тұтыну (шамамен 520 мың тонна) тіркелді. Бұған Қазақстанның ішкі нарығындағы төмен бағалар ықпал етті. Дизель отынына төмен бағалар салдарынан биылғы жылдың тамыз айының басынан бастап ЖЖМ-ның осы түрінің қоры күрт төмендей бастады. Мәселен, егер тамыз айының басында бізде дизель отынының шамамен 250 мың тонна қоры болса, қыркүйек айының соңына қарай дизель отынының қоры 200 мың тонна деңгейінде болды. Импорт жазда 26 мың тоннаны құрады. Биылғы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша, дизель отынының орташа бағасы литріне 188 теңгені құрады. Айта кету керек, ұқсас баға 2020 жылы да болған, 2019 жылы орташа баға жоғары, яғни литріне 193 теңгеге тең болған. 2019 – 2020 жылдары қысқы дизель отынының бағасы литріне 255-270 теңге диапазонында болды. Қазір дизель отынына бағаның өсуі байқалуда, маусымаралық дизель отыны бағасының ағымдағы диапазоны литріне 214-330 теңгені құрайды. Баға ахуалының тұрақтануына қарай бағалар бойынша дәліздің тарылуы күтілуде. Ішкі нарықты дизель отынымен қамтамасыз ету үшін бірқатар шара қабылданды», - дейді Мағауов ОКҚ брифингі барысында.

Оның айтуынша, 1 қыркүйектен қазанның 1 онкүндігіне дейін барлығы - 65,7 мың тонна (РФ-тан импорт) (оның шекара арқылы импорт ретінде қыркүйек айында 17 мың тонна, ал қазан айының 8 күнінде 32 мың тонна дизель отыны) әкелінді.

11 қазандағы жағдай бойынша, дизель отынының жалпы қалдығы 214,9 мың тоннаны құрайды, оның ішінде ҚР МӨЗ-де 38,7 мың тонна, мұнай базаларында 123,4 мың тонна.

Қабылданған шараларды ескере отырып, сондай-ақ биылғы жылдың қазан айында 330 мың тонна көлемінде дизель отынын өндіруді (қазанның 1 онкүндігінде 130 мың тонна өндірілді) және 80-100 мың тонна көлемінде импорттық жеткізілімдерді ескере отырып, ішкі нарықты тұрақтандыру күтілуде.

Бір ай бұрын, 2021 жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша, мұнай базаларындағы қалдық 128,3 мың тоннаны құрады және мұндай жоғары сұраныс болған жоқ.

Осыған байланысты, дизель отынының қолда бар қорларын жедел мониторингілеу үшін министрлік еліміздің барлық мұнай базасын автоматты деңгей өлшеуіштермен жабдықтау қажеттілігі мәселесін көтерді. Олардың деректері ЖЖМ қалдықтарының деңгейін нақты уақытта қадағалауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ қаржы министрлігі ҚМА және БҚДА-мен (келісім бойынша) бірлесіп, ірі мұнай базаларында дизель отынын өткізуді жасанды шектеу тұрғысынан тексеру пысықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары