×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды

17.08.2023, 10:15
Фото: Ашық дереккөзден

Әсел Асқар төбелес кезінде бейтаныс ер адам оны фитнес залында балағаттап, бірнеше соққы жыққанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Блогердің айтуынша, ер адам оның бетінен ұрып, өзі мен анасын қорқытқан. Бойжеткен полицияға арыз жазып үлгерген.

Жаттығу кезінде Әсел өзінің мобилографы түсіріп жатқанын, ал құқықбұзушыға кадрға түсіп қалғаны ұнамай қалса керек. Жанжал содан туған. Ер адам мен Әселді басқа келушілер ажыратқан.

«Қыздар көшеде соққыға жиі жығылатынын әдетте естиміз ғой. Заң қыздар ондай қиын жағдайға тап болмайтындай нүкте қойса деймін. Жігіттердің тәрбиесі жақсарса деген тілек бар. Жағаласып жүріп, бір-бірімізді екі-үш рет соғып үлгердік. Бұтынан теуіп жіберуге тырыстым. Алайда ол кәсіби спортшы екен, грек-рим күрескері. Сытылып кетті», - дейді Әсел Асқар.

Алматы полиция департаменті 1996 жылы туған азаматтың үстінен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылғанын хабарлады. Сараптама тағайындалып, материалдар сотқа жолданған.

Серіктес жаңалықтары