×
478.9
459.98
8.24
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
478.9
459.98
8.24

Байден Ресейге БҰҰ жарғысын бұзды деп айып тақты

22.09.2022, 10:11
Фото ашық дереккөзден

Сәрсенбі, 21 қыркүйекте АҚШ президенті Джо Байден БҰҰ Бас ассамблеясының сессиясында сөз сөйледі, - деп хабарлайды  "Голос Америки" басылымына сілтеме жаcаған Ulysmedia.kz.

Байден өз сөзінде Ресейді Украинаға басып кіруге байланысты БҰҰ мүшелігінің негізгі қағидаларын бұзды деп айыптап, Мәскеудің ядролық қару қолданамын деп қорқытып отырғанын мәлімдеді.


"БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі Ресей, егеменді елді әлем картасынан өшіруге тырысып, басып кірді. Сондай-ақ, ел президенті Путин ядролық қару қолданатынын айтып сөз сөйледі. Бұл ел осы әреттерімен БҰҰ жарғысының негізгі ережелерін бұзып отыр", - деді Америка президенті.

Байден Кремль Украинаның кейбір бөліктерін аннексиялау үшін жалған референдум ұйымдастырып жатқанын, бұл БҰҰ жарғысын өте ауыр түрде бұзу екенін, және Путин бұл әрекеттердің бәрін "Ресейге қауіп төнді" деп ақтап алғанын айтты.

АҚШ президенті мұның шындыққа жанаспайтынына баса назар аударды.

"Ресейді ешкім қорқытқан жоқ, Ресейден басқа ешкім жанжал іздеген жоқ. Шын мәнінде, біз осылай болатынын ескерткен едік", - деді Байден.

Байден АҚШ-тың бұл соғыстың аяқталуын қалайтынын да айтып, егеменді мемлекеттерден аумақты күшпен тартып алуға ешкімнің құқығы жоқ екенін ескертті.

Ақ үй басшысы АҚШ одақтастарымен бірге "Ресейді жауыздық пен әскери қылмыстар үшін жауапқа тарту үшін" барлығын жасап жатқанын айтты.

Байден Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше әрбір ел Украинаның кез келген егемен мемлекет сияқты құқықтарына ие болуын қатаң түрде талап ету керектігін атап өтті.