×
446.49
475.38
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
446.49
475.38
4.79

Қазақстанда ресейлік телеарнаның сайты бұғатталды

17.08.2023, 18:10
Константин Малофеев/tsargrad.tv

Ресейлік "Царьград" телеарнасының сайтына экстремизмді насихаттағаны үшін төрт ескерту жасалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұғаттауға телеарна сайтындағы Қазақстанға қарсы жарияланымдар себеп болды.

Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі телеарнаға оның сайтында жарияланған төрт материалда экстремизм насихатталғаны үшін төрт ескерту берілгенін хабарлады.

Біріншісі ескерту 2021 жылдың басында жасалды. Қалғандары – 2023 жылдың мамыр айының соңында.

"Царьградқа" жариялаған материалдардың бірінде "Қазақстанда орыстарды тізе бүктіргісі келеді" деп жазылған.

Телеарнаны 2015 жылы ресейлік миллиардер Константин Малофеев құрған және "Царьград" өзін "алғашқы орыс консервативті ақпараттық-аналитикалық телеарнасы" ретінде көрсетеді. Малофеевтің өзі 2014 жылдан бастап Еуропалық одақтың, АҚШ пен Канаданың санкциялық тізімінде.

Серіктес жаңалықтары