×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

"2 млн теңге пара алған": тараздық судья тергеліп жатыр

18.08.2023, 08:16
sud.kz

Антикор Тараз қаласының №2 сотының судьясы Фариза Өтешова 2 000 000 теңге сомасында пара алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Судья сотталушыдан іс жүргізуде қылмыстық іс бойынша бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындағаны үшін ақшалай қаражат алды деп күдектелуде.

“Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабының тәртібімен Қазақстан Республикасының Бас прокуроры сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім берді. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”, – делінген хабарламада.

Өтешова Фариза Сүлейменқызы 1982 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданындағы Гагарин ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген. 2016 жылғы желтоқсаннан бастап Тараз қаласының № 2 сотының судьясы қызметін атқарады.

Айта кетейік, бұдан бұрын Сарыағашта 5 жасар қызды өлтірген күдіктіге бүған дейін ауыр қылмыс жасағанына қарамастан жеңіл жаза тағайындаған судья қызметінен босатылған.

Сондай-ақ, мас күйде көлік жүргізген талдықорғандық судьяға қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатқаны хабарланған.

Серіктес жаңалықтары