×
447.4
477.55
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.4
477.55
4.76

"АрселорМиттал Теміртау" шахтасындағы апат: 3 кенші әлі табылар емес

18.08.2023, 11:23
фото: ашық дереккөзден

 

Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин «Қазақстан» шахтасындағы өрттен кейін жоғалып кеткен 3 шахтер әлі табылмай жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Шахтада өрт басталған кезде 227 адам болған. 18 тамыздағы жағдайға сәйкес, емдеу мекемелерінде 11 жұмысшы бар. Олардың 9-ы Қарағанды қаласында, екеуі Шахтинск қаласында ем алуда. Құтқару операциясын жүргізу нәтижесінде қаза тапқан 2 шахтердің мүрдесі табылды. Үш шахтерді іздеу жалғасып жатыр», - деді ол Қарағанды өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте.

Әкімнің орынбасары қаза тапқан және зардап шеккен кеншілердің отбасына мемлекет тарапынан да, компания тарапынан да қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.

Еске сала кетейік, кеше «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында конвейер лентасы өртенді. Жер астында барлығы 227 жұмысшы болған. Жұмысшылар бүйірлік оқпан арқылы шахтадан жер бетіне шығарылды. Шахтада барлығы 227 адам болған.

Бұдан бұрын апаттан зардап шеккендер саны алты адамға жеткені хабарланған. Кейін зардап шеккендар саны 8-ге жетті.

Апат орнынан екі жұмысшының мәйіті табылды

 

Серіктес жаңалықтары