×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Новороссийск портындағы өрт: қазақстандық мұнай тасымалы тұралады ма

18.08.2023, 15:22
фото: ашық дереккөзден

Каспий Құбыр консорциумында Новороссийск портының жүк терминалында болған өртке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ресей ТЖМ хабарлағандай, Новороссийск жүк терминалында мың шаршы метрден астам аумақта ағаш паллеттер өртенді. Сөндірілген өрттің себептері әлі анықталған жоқ.

Каспий Құбыр Консорциумы бұл оқиға КҚК теңіз терминалы және Новороссийск портына жақын орналасқан "Шешхарис" мұнай тасымалдау кешені арқылы қазақстандық мұнайды жоспарлы жөнелтуге әсер етпеді деп мәлімдейді.

Естеріңізге сала кетейік, 4 тамызға қараған түні Украинаның қарулы күштері Новороссийск әскери-теңіз базасына екі экипажсыз қайықпен шабуыл жасауға тырысты. Кемелердің қозғалысына уақытша тыйым салынды.

КҚК – қазақстандық мұнайды экспорттаудың негізгі бағыты, ол құбыр арқылы айдалатын көлемнің 80%-дан астамын тасымалдайды.

КҚК ірі акционерлері – "Транснефть" (24%) және "ҚазМұнайГаз" (19%). Ұзындығы 1511 км Теңіз — Новороссийск құбыры арқылы ҚР барлық экспорттық мұнайының үштен екісінен астамы, сондай-ақ Ресей кен орындарынан, оның ішінде Каспийден шикізат жеткізіледі. 

Серіктес жаңалықтары