×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Ғалымдар коронавирустың жаңа түріне алаңдап отыр

19.08.2023, 08:21
Ашық дереккөз

Ұлыбританияда коронавирустың BA.2.86 нұсқасы анықталды, ол масақ протеинін кодтайтын геннің 30-дан астам мутациясымен ерекшеленеді. Вирустың бұл түрі алғаш рет Израильде табылып, кейін Дания мен АҚШ-та да тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

UKHSA басшысының орынбасары Мира Чанд Ұлыбританияда BA.2.86 пайда болғаны туралы хабардар екенін айтты. Ұйым жағдайды бағалауда және оқиғалардың жиілеуі кезінде қосымша ақпарат береді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да (ДДҰ) BA.2.86 нұсқасын бақылауға кіріскенін мәлімдеді, себебі ол мутациялардың көп болуына байланысты «бақылаудағы нұсқалар» тізіміне енгізілген.

Бұған дейін ДДҰ COVID-19 пандемиясының мәртебесін жойған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, ДДҰ 2020 жылдың 11 наурызында COVID-19 пандемиясын жариялады. Нәтижесінде ол 3 жыл 1 ай 24 күнге созылды.

Серіктес жаңалықтары