×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Түркістан облысында жол апатынан 4 адам көз жұмды

19.08.2023, 18:20
Ашық дереккөз

Түркістан облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

18 тамыз күні түнгі сағат 23:30 шамасында Бәйдібек аудандық ПБ-нің 102 арнасына жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Облыстық маңызы бар Шаян-Екпінді тас жолы бойында Nissan көлігі қарама-қарсы жол бөлігіне шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан Mercedes-Benz 200 автокөлігіне соқтығысқаны анықталды.

Mercedes өртеніп, ішінде болған үш жолаушы мен жүргізуші оқиға орнында қаза тапты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен.

1ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Тиісті сот-сараптамалары тағайындалды. Кінәлі жүргізуші УҰА қамауға алынды», - деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметінен.

Серіктес жаңалықтары