×
444.22
476.38
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.22
476.38
4.82

Бүгін «АрселорМиттал Теміртауда» қаралы күн болып жарияланды

20.08.2023, 08:46
Ашық дереккөз

«АрселорМиттал Теміртау» бас директоры Владимир Яблонский бүгін компанияда қаралы күн болып жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Терең күйзеліспен «АрселорМиттал Теміртау» ұжымы атынан мезгілсіз қаза тапқан әріптес кеншілердің отбасыларына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын.

Бұл қаза отбасылар үшін, бәріміз үшін ауыр қайғы.

Орны толмас қазаның қасіретін бөлісе отырып, қаза тапқан әріптестеріміздің отбасыларына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеміз. Сондай-ақ зардап шеккен барлық қызметкерлерге жан-жақты күтім мен оңалту бойынша көмек көрсетіледі.

20 тамыз «АрселорМиттал Теміртау»-да қаралы күн болып жарияланды”, – деп жазды ол компанияның сайтына.

Айта кетейік, 17 тамыз күні Қарағанды ​​облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында өорт орын алған. Төтенше оқиғаның салдарынан бірнеше кенші көз жұмып, жарақат алды.

Серіктес жаңалықтары