×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қазақстан пойыздарында әйелдер купесі пайда болды

12.10.2021, 22:27
Фото: ашық дереккөз

«Қазақстан темір жолы» АҚ әйелдер купесі бар алғашқы жолаушылар пойыздарын іске қосты, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

«Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметінің мәліметінше, әзірге мұндай вагондар тек Алматы – Өскемен және Алматы – Маңғыстау бағытындағы пойыздарда ғана бар. Пилоттық жоба 10 қазанда басталды.

«Енді жолаушыларға пойыз таңдау құқығы беріледі: кәдімгі вагон немесе жеке әйелдер вагоны. Вагондардың бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ, жол ақысы да бірдей. Тек кассадан және онлайн билет сатып алу шарттары ғана өзгеше», - делінген ҚТЖ хабарламасында.

Сондай-ақ, вагонға жеті жасқа дейінгі ұлдар да кіргізіледі. Компания халық тарапынан сұраныс болса, мұндай купелер басқа бағдарларда да пайда болатынын айтты. Әйелдер купесі бар пойыздар Алматы-2 стансасынан жөнелтілді.

Серіктес жаңалықтары